«Наурыз- бата» дәстүрі дәріптелді

«Наурыз- бата» дәстүрі дәріптелді

18 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-баба дәстүрін жалғап, дәріптеу мақсатында Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мерекесін атап өтті.
Іс-шара барысында салт- жорағыларды жаңғырта отырып, Департамент және аудандық басқарма мамандары ұлттық киімдерін киіп, беташар, тұсау кесер, бата беру, сәбиді бесікке бөлеу сынды көріністерін қойды. Сонымен қоса, Наурыз көже таратылып, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.

Аталмыш шараны Департамент басшысы Сархат Бейсенова өзінің алғы сөзімен бастап, мерекенің мән-маңызына тоқталып, қызмет мамандарын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Осы орайда, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тағы бір мәрте барша қала тұрғындары мен қонақтарын әз-Наурыз мерекесімен құттықтайды. Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!