Елорда коронавирустың таралу қарқыны бойынша тағы да "сары" аймаққа өтті

Елорда коронавирустың таралу қарқыны бойынша тағы да "сары" аймаққа өтті

15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес жасыл аймақта болды. Алайда, бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның даму қарқыны бойынша Rt репродуктивті саны-1,019 құрады, соған сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа өтті. Rt репродуктивті саны аймақтарды анықтау критерийлерінің бірі болып табылады. Апталық аурушаңдықты салыстыра отырып, шамалы өсім байқалды, сондықтан бір апта ішінде COVID-19-дың 564 жағдайы тіркелді (алдыңғы апта – 542 жағдай). Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың қарқынды көрсеткіші тиісінше 47,5 және 45,6 құрады, яғни сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 4% - ға жоғары болды, бұл Rt санының 1-ден жоғары өсуіне және "жасыл" аймақтан "сарыға" аймаққа ауысуына әкеп соқты. 

Бір тәулік ішінде алғашқы зертханалық расталған 85 жағдай тіркелді (симптомдары бар 58 жағдай, 27 симптомсыз жағдай), өсім – 0,05% - ды құрады.

Аурудың көбеюінің негізгі себептері, әдеттегідей мереке күндері кейбір тұрғындардың карантиндік шектеулерді сақтамауы болып табылады. Яғни, адамдардың көп жиналатын жерлерге баруынан, бетперде тақпай жүруінен, науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауынан болды.

Таралу қаупін және әдеттегідей мереке күндерінен кейін коронавирустың оң жағдайларын тіркеу санының артуын ескере отырып, сыйымдылығы  50% - ға дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын, келушілер мен ондағы қызметкерлерде тек "жасыл" мәртебе болатын "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді санамағанда, өткізілетін жаппай іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, корпоративтік іс-шараларға тыйым салынады.  Сондай-ақ, түрлі топтар мен ұйымдардың балаларының қатысуымен жалпымектептік және ұжымдық таңертенгіліктерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады. Алдағы мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілмек. Сауда және басқа да объектілердің иелері карантиндік шектеулерді бұзбауға, барлық санитарлық нормаларды сақтауға тиіс.

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткен мереке күндері халықтың басым көпшілігі карантиндік шараларды сақтаған жағдайда, елорданың "сары" аймаққа өтуіне жол бермеуге болатынын хабарлайды. Алайда, бәрі бірдей жауапкершілік таныта қоймады, осылайша елорданың ұзақ 7 ай бойы (10 наурыздан 26 қазанға дейін) тұрған "қызыл" аймаққа жақындау қаупін арттырды.

Алдағы жаңа жылдық мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияның көбеюіне әкелмеуі керек екенін есте ұстаған жөн. Ал ол біздің жүріс-тұрысымыз бен орнатылған  карантиндік шараларды сақтаудағы жауапкершілігімізге байланысты. Сондықтан, қала тұрғындарын жаңа жылды туыстарымен бірге кішігірім ортада ғана қауіпсіз атап өтуге шақырамыз.