Күн жылына басталғалы адамдар көктемгі таза ауамен тыныс алу үшін табиғатқа шығуға тырысады. Мамырдың жақындауымен қоса, саяжай маусымы басталып, халықтың демалысы үшін саябақтар мен алаңдар ашылады, ондағы өсетін шөптер мен бұталар арасындағы кене адамға "шабуыл жасау" қаупін төндіреді. .
Кенелер өте кішкентай, сондықтан оларды шаға бастағанға дейін байқау қиын болуы мүмкін. Алайда, байқаған соң, тым кеш болады. Кене адамның денесіне түскеннен бастап, бірден теріні шақпайды, ол біраз уақыт бойы ең нәзік жерлерді іздейді (терінің жұмсақ жерін). Көбінесе ол шап (область паха), қолтық, мойын, жақ сүйек аймағында, іш пен арқаға жабысады. Оның шағуы толығымен сезілмейді, себебі кене сілекейінде ауырғанды басатын зат бар. Кенелер үш-төрт күн бойы қан сорады. Ішкен қаннан кенелер қатты ісінеді, мөлшері үш-төрт есе артады, содан кейін ғана құлап кетеді.
Кененің жабысу механизмін біле отырып, одан қалай қорғану керектігі түсінікті болады. Қарапайымы олардың киім астында қозғалуына жол бермеу керек.
Шалбар мен аяқ киім, шалбар мен киімнің сыртқы бөлігі (көйлек) арасында бос орын болмауы керек. Жейденің манжеттері мен жағалары жабық тұрған дұрыс\, ал киімнің өзі түймелерде емес (олардың арасынан денеңізге өтіп кетуі мүмкін), сыдырмамен тағылуы керек.
Айтпақшы, ашық түсті киім таңдаған дұрыс-оларды көру оңай болады.
Бастағы шашты копюшонмен немесе орамалмен жапқан жақсы. Киімді өңдеу үшін ацарицидті агенттер мен репелленттерді қолдану арқылы қорғаныс дәрежесін арттыруға болады (бір уақытта мүмкін). Әр сағат сайын өзіңізді және қасындағы адамның үстін тексеріңіз. Мүмкіндігінше шөпке отырмаңыз және жатпаңыз, кене бірден киімнің жоғарғы жағына жабысып қалуы мүмкін. Сондай-ақ, саябақтарда және алаңдарда балалармен серуендеу кезінде балалар мен арбаларды ағаштардың, бұталардың жанында, биік шөптің баурайында қалдырмаңыз, тротуарлар және жолдармен жүрген абзал.
Үйге оралғанда, киімді күн сәулесіне немесе кептіру шкафына біраз уақытқа қалдырыңыз немесе жууға тастаңыз, бұл залалсыздандыруға көмектеседі. Сондай - ақ, жорықтан кейін душ қабылдау өте маңызды, әрине, кенені сумен жууға болмайды, бірақ соған қарамастан, кенені мұқият тексеруге мүмкіндік береді.
Бірақ, сіз егерде шаққан кенені тапсаңыз, онда не істеу керектігі туралы бірнеше нұсқаулық бар. Сіз ең жақын медициналық ұйымға (жарақат пунктіне) жүгіне аласыз, ол жерде сізге көмектеседі, сондай-ақ оны өзіңіз алып тастай аласыз (уақыт үнемделеді). Сонымен, теріге мүмкіндігінше жақын түйінге байланған және тік оське айналған жұқа күшті жіптің көмегімен кене алынады. Кенені алып тастағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуып, шаққан жерді құрамында спирт бар затпен емдеу керек.
Кенені алып тастағаннан кейін профилактикалық ем тағайындау және қысқа мерзімде медициналық бақылау белгілеу үшін инфекционист-дәрігерге немесе терапевт-дәрігерге (педиатрға) міндетті түрде қаралу қажет.
Алынған кенені сіздің қалауыңыз бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі, 46 бойынша филиалының аса қауіпті инфекция зертханасында инфекция қоздырғышының бар – жоғын зерттеуге болады.
Нұр-Сұлтан қаласының аумағына кенелерден берілетін кене энцефалитінің таралуы тән емес.
Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап иксод кенелерінің таралу аймағы кеңейді, кене энцефалиті мен кене боррелиозы бойынша эндемикалықтардан басқа - Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы, Ақмола облысының аумағы тартылған.
Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылы кене шағуымен емдеу және тіркеу 2021 жылғы 10 сәуірде (2019 жылы - 1 сәуірде; 2020 жылы - 27 сәуірде) басталғанын хабарлайды.
Ағымдағы жылғы 18 мамырдағы жағдай бойынша қаланың медициналық ұйымдарына кене шағуына қатысты 92 адам шағымданды (2019 ж. - 136 адам, 2020 ж. - 26 адам).
Өзіңізге және жақындарыңызға қорған болыңыз!