Постановление №9 О мерах профилактики коронавирусной инфекции в городе Нур-Султан

2022 жыл 16 тамыз № -24-21/791-вн

 Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының профилактика

шаралары енгізу туралы

ҚАУЛЫ

 16  тамыз  2022 жыл                                                         Нұр-Сұлтан қаласы

 

       Мен,  Нұр-Сұлтан  қаласының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Ж.К. Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 104 бабы 7 - тармағының 3 және 8 тармақшаларына сәйкес, «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2, «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысы, «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 17 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 22 қаулысы, «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялықдәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 25 қаулысы, «Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекцияның профилактика шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 29 қаулысы негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының тіркелуінің төмендеуін және Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының «жасыл» аймағына көшуді ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға ұсынылсын:
    • адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда.
  1. 2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

2.1. тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2.2. адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына:

3.1. Қала тұрғындары арасында коронавирусты инфекцияға қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жүргізу.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы қамтамасыз етсін:

4.1. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу шараларын енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 8 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің орынбасары                                                    Ж.Пралиева        

Дата публикации
16 августа 2022