Нұр-Сұлтан қаласында шектеу
шараларын енгізу туралы № 8 ҚАУЛЫ
21 шілде 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 104 бабы 7 - тармағының 3 және 8 тармақшаларына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының орташа тәуекел «сары» аймағына көшуді ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2.1. осы қаулының 1.1-тармағында көрсетілген қоғамдық орындарда бетперде кию жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;
2.2. жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;
2.3. тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2.4. білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);
2.5. адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.
3.1. Қала тұрғындары арасында коронавирусты инфекцияға қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жандандыру.
4.1. қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыруды, адамға, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;
4.2. адамдар көп жиналатын орындарда (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте бетперде кию бойынша радиоақпараттар жүргізуді;
4.3. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова