Нұр-Сұлтан қаласында
коронавирус инфекциясының алдын алу
шаралары туралы № 7 Қаулы
21 сәуір 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы №11 қаулысы, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №12 қаулысы, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №14 қаулысы, «Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 15 қаулысы, «Қазақстан Республикасында короновирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №2 Қаулысы 17, «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі №20 қаулысы негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.1. халыққа медициналық және мата маскаларын кию міндетті:
- барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы медициналық ұйымдарда;
- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру симптомдары бар немесе ПТР тестінің оң нәтижелері бар адамдарға;
1.2. медициналық маскаларды халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерінде және ұйымдасқан ұжымдарда пайдалану ұсынылады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер Палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен білім беру ұйымдары, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілері, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында келесі қаулылардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етсін:
- «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 Қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №12 қаулысы;
- «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы №15 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасында короновирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 17 қаулысы;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі №20 «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шаралары туралы» қаулысы.
3.1. Қала тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жандандырылсын.
4.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;
4.2. осы қаулы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала халқының назарына жеткізілсін.
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова