Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 3 Қаулы

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 3 Қаулы 

   01 ақпан 2022 жыл                                                   Нұр-Сұлтан қаласы 

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және туындау және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына сәйкес Қаулы етемін:

    1. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы»2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-абзацтағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы» деген сөздерді«Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 Қаулысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-абзац мынадай сөздермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысы»;

3) 4-тармақтың 9-абзацы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

«- «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысымен»;

4) 4-тармақ  12-абзацпен  толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

«- «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6 қаулысымен»;

         5)  3-тармақтағы «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысына» деген сөздерді«Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 4-тармақтың 4.1-тармақшасы өзгертілсін және мынадай редакцияда жазылсын:

1)      йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

2)      спа-орталықтары;

3)      моншалар, сауналар, бассейндер;

4)      PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

5)      боулинг клубтары;

6)      кинотеатрлар;

7)      театрлар мен филармониялар;

8)      стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, банкет залдары;

9)      асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;

10)    облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

11)    облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;

12)    бильярд клубтары;

13)    концерт залдары;

14)    караоке;

15)    көрмелер;

16)    океанариум;

17)    марафондар;

18)    көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

19)    лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;

20)балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;

21)    цирктер;

22)    отельдер, қонақ үйлер;

23)    халыққа қызмет көрсету орталықтары;

24)    теміржол вокзалдары және автовокзалдар;

25)    (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері^

26)    (сауда алаңы 6000 ш.м-ден астам азық-түлік, сауда алаңы 1000 ш.м-ден астам азық түлік емес) сауда желілері;

27)    балаларды сауықтыру ұйымдары (жұмыскерлер (персонал) үшін);

28)    букмекерлік конторалар;

29)    сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;

30)    барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін);

31)    спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;

32)    білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);

33)    діни объектілер;

34)    ойын клубтары (казино);

35)              түнгі клубтар;

36)    банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасына:

2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
    2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                  С. Бейсенова

 

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 3 Қаулы
Дата публикации
01 февраля 2022