Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021 жылғы 24 маусымдағы № 18 «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдату туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ
8 шілде 2021 жыл Нұр-Сұлтан қаласы
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу мен таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 17 қаулысына сәйкес және Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 4 тармақтың 4.32. тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:
«мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (ғимарат ішінде), орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы бойынша 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен және ашық ауада (жазғы залдарда) отыратын орындарының саны 30-дан аспайтын есеппен жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен, тамақты жеткізу және шығару қызметін штаттық режимде ұйымдастыру. «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, еске алуды өткізу) үшін жұмыс күндері ғимарат ішінде жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып және ашық ауада (жазғы залдарда) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленсін. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды («Ashyq» жобасына қатысушы объектілерде белгіленген еске алуды өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады»;
2) 4-тармақтың 4.64-тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:
«компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының, боулингтердің, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, көрмелердің, бильярд, караоке, байланыс хайуанаттар парктерінің, океанариумдардың, батуттардың, кинорумдардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялардың, балалардың ойын-сауық орталықтарының, балалардың ойын бөлмелерінің, ойын алаңдарының және жабық үй-жайлардағы аттракциондардың, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті сырғанақтардың (кинотеатрлардан, кинорумдардан басқа «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілерді (объектілерді) қоспағанда) жұмысына тыйым салу»;
3) 4-тармақтың 4.73-тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:
«кинотеатрлардың, кинорумдардың жұмысына тыйым салу»;
4) 4-тармақтың 4.31-тармақшасы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:
«жабық жағажайлар мен аквапарктардың, оның ішінде бассейндердің жұмыс істеуіне тыйым салу»;
5) 4-тармақ 4.75 тармақшамен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:
«Нұр-Сұлтан қаласының су объектілерінде серуендеу кеме құралдарының (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т. б.) жұмысына тыйым салу»;
6) 4-тармақ 4.76 тармақшамен толықтырылсын және келесі редакцияда жазылсын:
«қалалық жағажайлардың, соның ішінде рұқсат етілмеген жерлердегі жағажайлардың және ашық ауадағы аквапарктардың жұмысына тыйым салу».
2.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;
2.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.
Нұр-Сұлтан қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері С. Бейсенова