Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы №16 ҚАУЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және

карантиндік шараларды күшейту туралы

№16 ҚАУЛЫ

23  сәуір  2021 жыл                                         Нұр-Сұлтан қаласы

 Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 13, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 14 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуінің өсуіне және жоғары деңгейде сақталуына және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл аймақта» болуын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтарына келесі талаптарды сақтау жалғастырылсын:

1.1. бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караокеге, кинорумдар, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары, балалар ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;

1.3. «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:

2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;

2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін  InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;

2.4. кәсіпкерлердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;

2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;

2.6. «InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу  (осы қаулымен және Бас мемлекет қаулысына «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының санитарлық дәрігері 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қосымшалармен анықталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметіне қойылатын талаптарына және «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес                      1 адамға арналған белгіленген аумақты ескере отырып анықталады және енгізіледі).

    1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, кәсіпкерлік субъектілеріне, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына:

3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыру:

1) фитнес-клубтар, йога орталықтары;

2) спа орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) компьютерлік клубтар (16 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);

5) боулинг клубтары, орталықтары;

6) кинотеатрлар;

7) театрлар және филармониялар;

8) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;

9) ерікті қатысушылар;

10) облысаралық және қалааралық жүйелі емес (туристік) тасымалдар;

11) концерт залдары.

3.2 осы қаулының 3-тармағы 3.1 тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын жүргізуді қамтамасыз етсін.

1) осы қаулының 3-тармағы 3.1 тармақшасына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды және Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету;

2) Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне ресепшнмен кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету;

3) «Ashyq» пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттарын қолдануды қамтамасыз ету;

- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі үшін (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың әлеуметтік-экономикалық объектілердің орташа деңгейі үшін жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (сары аймақ);

- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық орташа деңгейі үшін  (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық әлеуметтік-экономикалық объектілердің төменгі деңгейі үшін жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (жасыл аймақ);

4) әкімдіктердің сайтында ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты орналастыруды;

5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижесі бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай ақпараттық порталына (ҰСО БАП) беруін;

6) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;

7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

8) рұқсат беру құжаттары жоқ тыйым салынған қызмет түрлеріне және объектілерге қатысуға жол бермеу мақсатында (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы «13» сәуірдегі №14 қаулысына 1-қосымшаға сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін қарау сатысында келісу;

9) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысына 1-қосымшамен бекітілген алгоритмге сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосуды қамтамасыз етсін;

10) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысына 2-қосымшамен бекітілген алгоритмге сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары»/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау;

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысына 3-қосымшамен бекітілген алгоритмге сәйкес жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығаруды қамтамасыз етсін.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері 2021 жылғы 26 сәуірден бастап 9 мамырды қоса алғанда қамтамасыз етсін:
    • меншік нысанына қарамастан, қаланың зертханалары мен медициналық ұйымдарына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыру, зерттелетін адамның барлық деректерін ҚР БМСД №67 қаулысының 41-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес толтыру және электрондық жолдаманы ҰСО бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі – БИП) тіркеу(қол жеткізу мүмкін болған сәттен бастап);
    • оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және есепті 3 сағат ішінде қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыну;
    • КВИ-ға қарсы вакциналардың көлемін жеткізу туралы және КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер туралы ақпаратты КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен оларды вакцинациялаудың басымдылығын анықтау және келісу үшін ұсыну қамтамасыз етілсін.
    • өндірістік қажеттілікке байланысты меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80% қашықтықтан жұмыс режиміне көшу;
    • сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;
    • қалалық қоғамдық көліктің жұмысын (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмысын кестесін жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде сәйкес, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;
    • қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;
    • діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс және демалыс күндері бұқаралық іс-шараларды (ауыз ашар, тарауық, жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып ұйымдастыру;
    • кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге, оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда ғана № 68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып рұқсат ету;
    • ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала   kz, «EgovKZBot 2.0» тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;
    • «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;
    • ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс күндері және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;
    • жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;
    • ағымдағы жылдың IV тоқсанында білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыру:

- оқушылар саны 300-ге дейін қалалық мектептерде дәстүрлі форматта, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтындай, ата-аналардың өтініші бойынша;

- білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар)  қоспағанда, олар үшін  оқыту аралас форматында (пәндердің 70% -дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.

Білім беру объектілерінің жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығымен өзгеріс енгізілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 Бұйрығының 10-тарауын сақтай отырып рұқсат етіледі. Білім беру объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезінде объектіні карантинге жабу осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;

    • жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерін қашықтықтан оқытуды жалғастыру;
    • білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салу;
    • меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;
    • балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (10 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастыру;
    • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 бұйрығымен өзгеріс енгізілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 Бұйрығының 10 тарауына сәйкес, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тек басқа қаладан келген балалар тұратын арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын ұйымдастыру. Осы тармақта көрсетілген объектілерге баратын балалар немесе қызметкерлер арасында COVID-19  ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін осы объектілердің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;
    • балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (10 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін  ұйымдастыру;
    • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат беру;
    • бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 80 % қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, ондағы азық-түлік емес тауарларды сатуға арналған бөлшек бутиктердің (бөлімдердің)  жұмысына сенбі және жексенбі күндері тыйым сала отырып ұйымдастыру;
    • халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 50% -нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде ұйымдастыру;
    • сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру (оларда орналасқан дәріханалардан, сондай-ақ азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын минимаркеттерден, супермаркеттерден және гипермаркеттерден, сондай-ақ олардың қызметіне осы қаулы бойынша олардың орналасуына қарамастан рұқсат етілген объектілерді және «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда). COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарыныңжұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа);
    • ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды және касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • аниматроникстер, океанариум театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде, әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден аспайтын, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып ұйымдастыру;
    • кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың жұмыстары күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, топтық экскурсияларды ұйымдастыруға тыйым сала отырып және штаттық жұмыс режимін белгілей отырып;
    • су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеу бөлігіндегі жабық жағажайлар мен аквапарктардың жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, бір адамға 5 м2 су айнасы есебінен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;
    • қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, орналасқан жеріне қарамастан, отырғызылуы 30 орыннан асырмай үй-жай ішінде жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен және ашық ауада (жаздық алаңда) жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып және тамақты жеткізуге және шығаруға штаттық режимде ұйымдастыру, «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (ұжымдық ифтар (ауыз ашар), банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) және басқа да бұқаралық іс-шаралар» және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады;
    • жабық азық-түлік және азық түлік емес базарлардың жұмысын санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаумен, жұмыс кестесін азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді;
    • ашық аспан астындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;
    • «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкелерінің (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • азық-түлік тауарларын сату бойынша дүкендер, шағын маркеттер орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
    • азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер, орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 06:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің жұмысын бір сатып алушыға 4 м2 есебінен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, сауда алаңы 2000м2 дейінгі объектілер (сауда желілерінен басқа) үшін жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып,  сауда алаңы 2000 м2 асатын объектілер және сауда алаңына қарамастан сауда желілері үшін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (онлайн сатуды қоспағанда);
    • тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
    • гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • жабық спорттық объектілердің жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, топтық дайындықсыз, тек жеке жаттығулар үшін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;
    • Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру)күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;
    • күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір уақытта 30 адамнан аспайтын аймақтық командаларды дайындауға арналған оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру.
    • фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын орналасқан жеріне қарамастан, бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, бір келушіге жаттығу залының 4 м2 есебімен, бір келушіге 5м2 су айнасын қамтамасыз етумен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақсыз, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады, 5 адамнан аспайтын топпен сабақ өткізуге жол беріледі;
    • жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2 су айнасын есептей отырып, топтық дайындықтар өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады;
    • моншаның жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір келушіге 4 м2 есебімен, бір адамға 5 м2  су айнасын есептей отырып  күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;
    • саунаның жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуыменбір келушіге 4м2 есебімен,бір адамға 5м2су айнасын есептей отырып күшейтілгенсанитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін,  сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады;
    • СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады;
    • сұлулық салондарының, шаштараздардың, «барбер шоптың», косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін, орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 м2 есебінен) орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін ұйымдастыру;
    • көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;
    • адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
    • қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;
    • салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;
    • компьютерлік клубтардың, PlayStation клубтарының жұмысы тек «Ashyq» пилоттық жобасынақатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, толымдылық коэффициенті 50% -дан аспайтын, келушілер арасындағы қашықтық 1,5 метрден кем емес немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, жұмыс кестесін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Тек 16 жастағы және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі;
    • боулинг-орталықтардың жұмысы тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, толымдылық коэффициенті 50% -дан аспайтын, келушілер арасындағы қашықтық 1,5 метрден кем емес немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, жұмыс кестесін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті қоспағанда, өзіңіздің үстеліңізден шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;
    • кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының тек қана «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, отыратын орындар санының 20%-ынан аспайтын уақытта, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі кресло арқылы және қатарлар арасында шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып, акциялар өткізбей ұйымдастыру;
    • Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз, № 67 ҚР БМСДҚ 44 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;
    • студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізу мен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;
    • компьютерлік клубтардың, боулинг, кинотеатрлардың, концерт залдарының, театр, («Ashyq» пилоттық жобасынақатысатын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда), бильярд, караокенің, кинорумдардың, жанамалы хайуанаттар паркінің, батуттардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондары, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті мұз айдындарының жұмыстарына тыйым салу;
    • жабық үй-жайлардағы және ашық ауадағы (ашық ауадағы «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкелерін қоспағанда) жәрмеңкелердің кез келген түрін өткізуге тыйым салу;
    • орналасқан жеріне қарамастан, ас үйдің дайын тағамдарды жеткізу және шығару жұмысын қоспағанда, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салу;
    • бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, мерейтойлық іс-шараларға, ұжымдық ифтар (ауыз ашар), оның ішінде үйде, форумдар, конференциялар, семинарлар, жиналыстар, тыңдаулар, көрмелер, акциялар, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматтан басқа) өткізуге тыйым салу.
    • мектеп жанындағы лагерьлердің, жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің (үйірмелердің әртүрлі түрлері) қызметіне тыйым салу (онлайн форматты қоспағанда);
    • объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысындағы объектілердің жұмысына қойылатын талаптар алгоритмі, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысы талаптары қатаң сақталған жағдайда жол беріледі.
    1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

5.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

5.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

    1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
    2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын күшейту туралы» 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 15 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
    3. Осы қаулы 2021 жылғы 26 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                С.Бейсенова

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы №16 ҚАУЛЫ
Дата публикации
23 апреля 2021