Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы №15 ҚАУЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және

карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы

№15 ҚАУЛЫ

 9  сәуір  2021 жыл                                              Нұр-Сұлтан қаласы

Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С. Бейсенова, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 68 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 26 ақпандағы  «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты өткізу туралы» № 7 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуінің өсуіне және жоғары деңгейде сақталуына және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл аймақта» болуын ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтарына келесі талаптарды сақтау жалғастырылсын:

1.1. бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

1.2. қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салу;

1.3. «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

1.4. қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:

2.1. InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастау;

2.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыру;

2.3. шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстыру үшін  InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру;

2.4. кәсіпкерлердің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында карантин режимін бұзу фактілері мен шағымдарын орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz.сайтын пайдалану;

2.5. InfoKazakhstan.kz сайтына шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыру;

2.6. «InfoKazakhstan.kz. сайтына кәсіпкерлік субъектісімен объектінің паспортына келушілердің ғимараттарды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу  (осы қаулымен және Бас мемлекет қаулысына «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының санитарлық дәрігері 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қосымшалармен анықталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметіне қойылатын талаптарына және «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес                      1 адамға арналған белгіленген аумақты ескере отырып анықталады және енгізіледі).

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына:

3.1. келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыру:

1) фитнес-клубтар;

2) спа орталықтары;

3) сауналар, бассейндер;

4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі тұлғаларды қоспағанда);

5) боулинг клубтары.

3.2. осы қаулының 3-тармағының 3.1-тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилоттық жобасын жүргізуді қамтамасыз етсін.

1) осы қаулының 3-тармағының 3.1тармақшасына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды және Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету;

2) Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне ресепшнмен кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету;

3) «Ashyq» пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттарын қолдануды қамтамасыз ету;

- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі үшін (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың әлеуметтік-экономикалық объектілердің орташа деңгейі үшін жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (сары аймақ);

- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық орташа деңгейі үшін  (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық әлеуметтік-экономикалық объектілердің төменгі деңгейі үшін жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (жасыл аймақ);

  1. Нұр-Сұлтан қаласында пилотқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

4.1. «Ashyq» пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне келушілерді кіргізу, олар кіреберісте немесе үй-жайдан шығарда көрсету үшін келушінің мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады:

- «жасыл» мәртебе - келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде белгіленген;

– «көк» мәртебесі - ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19 науқаспен байланыс ретінде саналмайды;

– «сары» мәртебе-деректер базасында COVID-19науқаспен байланыс ретінде көрсетілген;

– «қызыл» мәртебе- COVID-19-ға оң нәтижемен базада тіркелген.

Келушіде смартфон болмаған жағдайда, кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің мәртебесін оның келісімімен ақпараттық жүйеде тексереді;

4.2. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес «сары» (COVID-19-мен байланыс), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижемен) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілердің «Ashyq» пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіруіне жол берілмейді;

4.3. «сары» (COVID-19-мен байланыс), «қызыл» (COVID-19-ға оң нәтижемен) мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілер анықталған кезде Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментін хабардар етуге міндетті.

4.4. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 және 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің талаптарын сақтау.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері 2021 жылғы 12 сәуірден бастап 25 сәуірді қоса алғанда қамтамасыз етсін:

5.1. меншік нысанына қарамастан, қаланың зертханалары мен медициналық ұйымдарына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыру, зерттелетін адамның барлық деректерін ҚР БМСД №67 қаулысының 41-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес толтыру және электрондық жолдаманы ҰСО бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі – БИП) тіркеу(қол жеткізу мүмкін болған сәттен бастап);

5.2. оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және есепті 3 сағат ішінде қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментіне және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ұсыну;

5.3. КВИ-ға қарсы вакциналардың көлемін жеткізу туралы және КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер туралы ақпаратты КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен оларды вакцинациялаудың басымдылығын анықтау және келісу үшін ұсыну қамтамасыз етілсін.

5.4. өндірістік қажеттілікке байланысты меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80% қашықтықтан жұмыс режиміне көшу;

5.5. сауда объектілеріне, қызмет көрсету саласындағы объектілерге, қоғамдық көлікке және адамдар көп жиналуы мүмкін орындарға дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты күшейту;

5.6. қалалық қоғамдық көліктің жұмысын (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) жұмысын кестесін жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде сәйкес, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.7. қалааралық, облысішілік автобус пен шағын автобус тасымалдарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастыру;

5.8. діни бірлестіктер объектілерінің жұмысын (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен жұмыс және демалыс күндері бұқаралық іс-шараларды (ауыз ашар, тарауық, жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

5.9. кеңестерді, отырыстарды күндізгі режимде өткізуге, оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігінің болмауы негізделген жағдайда ғана  № 68 ҚР БМСДҚ-ның қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып рұқсат ету;

5.10. ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала   Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.11. «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.12. Ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімшелерінің жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс күндері және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.13. денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

5.14. жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын  қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.15. серіктесінде  нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат беру;

5.16. ағымдағы жылдың IV тоқсанында білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыру:

- дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;

- білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар)  қоспағанда, олар үшін  оқыту аралас форматында (пәндердің 70% -дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.

Білім беру объектілерінің жұмысы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №ҚР ДСМ-98/2020 Бұйрығының 10-тарауын сақтай отырып рұқсат етіледі. Білім беру объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезінде объектіні карантинге жабу осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;

5.17. жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттерін қашықтықтан оқытуды жалғастыру;

5.18. білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салу;

5.19. меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Тәрбиелеу объектілерінде COVID-19 жағдайлары тіркелген кезде объектіні карантинге жабу осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес жүргізіледі;

5.20. балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысын (10 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастыру;

5.21. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы ҚР ДСM-98/2020 бұйрығының 10 тарауына сәйкес, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтай отырып, тек басқа қаладан келген балалар тұратын арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың жұмысын ұйымдастыру. Осы тармақта көрсетілген объектілерге баратын балалар немесе қызметкерлер арасында COVID-19  ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін осы объектілердің карантинге жабылуын қамтамасыз ету;

5.22. балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысын (10 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс  және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін  ұйымдастыру;

5.23. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, уақыты мен саны бойынша шектеумен, қаржы нарығы субъектілерінің (екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) қызметіне рұқсат беру;

5.24. бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және басқа жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 80 % қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстыруды қатаң түрде  сақтай отырып жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, ондағы азық-түлік емес тауарларды сатуға арналған бөлшек бутиктердің (бөлімдердің)  жұмысына демалыс күндері тыйым сала отырып ұйымдастыру;

5.25. халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 50% -нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде ұйымдастыру;

5.26. сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін  жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру (оларда орналасқан дәріханалардан, сондай-ақ азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын минимаркеттерден, супермаркеттерден және гипермаркеттерден, сондай-ақ олардың қызметіне осы қаулы бойынша олардың орналасуына қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда). COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау үшін қосымша пункттер орналастырылған нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс режимі белгіленеді. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарыныңжұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа);

5.27. ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.28. аниматроникстер, океанариум театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде, әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден аспайтын, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып ұйымдастыру;

5.29. су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеу бөлігіндегі жабық жағажайлар мен аквапарктардың жұмысын, орналасқан жеріне қарамастан, бір адамға 5 м2су айнасы есебінен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін  жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.30. кітапханалардың, мұражайлардың, галереялардың жұмыстары күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, топтық экскурсияларды ұйымдастыруға тыйым сала отырып және штаттық жұмыс режимін белгілей отырып;

5.31. қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын және ашық ауада (жаздық зал) отыратын орын саны 30-дан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, тамақты жеткізу және шығару қызметін қоспағанда жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады»;

5.32. жабық азық-түлік және азық түлік емес базарлардың жұмысын санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаумен, жұмыс кестесін азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс  күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.33. ашық аспан астындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін азық-түлік базарлары үшін штаттық режимде, азық түлік емес базарлар үшін жұмыс  және сенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.34. «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкелерінің (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.35. азық-түлік тауарларын сату бойынша дүкендер, шағын маркеттер орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

5.36. азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер, орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда,  жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 06:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.37. азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің жұмысын  бір сатып алушыға 4 м2 есебінен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, сауда алаңы 2000м2 дейінгі объектілер (сауда желілерінен басқа) үшін жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып,  сауда алаңы 2000 м2 асатын объектілер және сауда алаңына қарамастан сауда желілері үшін жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру (онлайн сатуды қоспағанда);

5.38. тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

5.39. гүлдерді сату бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.40. жабық спорттық объектілердің  жұмысын (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) меншік нысанына қарамастан, топтық дайындықсыз, тек жеке жаттығулар үшін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

          5.41.  Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру)күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

         5.42. күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір уақытта 30 адамнан аспайтын аймақтық командаларды дайындауға арналған оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру.

5.43. фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын орналасқан жеріне қарамастан, бассейндер мен сауналарды, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен, бір келушіге  жаттығу залының 4 м2 есебімен, бір келушіге 5м2 су айнасын қамтамасыз етумен қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, топтық сабақсыз, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады;

5.44. жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, бір жолда бір келушіден қатаң түрде бір уақытта болуын қамтамасыз ете отырып, олар болмаған кезде бір адамға 5м2 су айнасын есептей отырып, топтық дайындықтар өткізбей, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады;

5.45. моншаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуымен (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір келушіге 4 м2 есебімен, бір адамға 5 м2  су айнасын есептей отырып  күшейтілгенсанитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

5.46. саунаның  жұмысын бассейндер, СПА, массаж, пилинг және т. б. іске қосылуыменбір келушіге 4м2 есебімен,бір адамға 5м2су айнасын есептей отырып күшейтілгенсанитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін,  демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады;

5.47. СПА-орталықтарының, СПА-салондардың, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттердің жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша) бір мезгілде 3 келушіден аспайтын массаж салонына барумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс күні  сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін,  демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру, тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілер үшін  «сары аймақ» өлшем шарттар қойылады;

5.48. сұлулық салондарының, шаштараздардың, «барбер шоптың», косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін, орталықтар мен салондардың жұмысын (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 м2 есебінен)  орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін ұйымдастыру;

5.49. көлік жуу, авто және тұрмыстық техниканы, шиномонтаж станцияларын жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.50. өндірістік кәсіпорындарының барлық қызмет түрлерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру;

5.51. адамдардың көп жиналуын, сондай-ақ ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын, халыққа қызмет көрсету объектілерінің (баспахана, полиграфия, тігін шеберханалары мен ателье, аяқ киім шеберханалары, ұсақ-түйекті жөндеу сервисі және т.б.) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

5.52. қызмет көрсету саласы объектілерінің (химиялық тазалау, кір жуу, оргтехникасын жөндеу) жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын қамтамасыз етумен,  жұмыс кестесін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру;

5.53. салттық қызметтер көрсету бойынша объектілердің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін шектеместен ұйымдастыру;

5.54. компьютерлік клубтардың жұмысы тек «Ashyq» пилоттық жобасынақатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, толымдылық  коэффициенті 50% -дан аспайтын, келушілер арасындағы қашықтық 1,5 метрден кем емес немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, жұмыс кестесін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Тек 18 жастағы және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі;

5.55. боулинг-орталықтардың жұмысы тек «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін, толымдылық  коэффициенті 50% -дан аспайтын, келушілер арасындағы қашықтық 1,5 метрден кем емес немесе 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, жұмыс кестесін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру. Бұл ретте конкурстарды (интерактивті қоспағанда, өзіңіздің үстеліңізден шықпай), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

5.56. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз, № 67 ҚР БМСДҚ 44 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып  ұйымдастыру;

5.57. студияларда тікелей эфирдегі телебағдарламаларды жүргізу мен жазу кезінде көрермендердің қатысуына тыйым салу;

5.58. кинотеатрлардың, кинорумдардың, концерт залдарының, театр, жанамалы хайуанаттар паркінің, бильярд, караокенің, батуттардың, түнгі клубтардың, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарының, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондары, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандарды қоспағанда, мұзды және роликті мұз айдындарының жұмыстарына тыйым салу;

5.59. жабық үй-жайлардағы және ашық ауадағы (ашық ауадағы «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкелерін қоспағанда) жәрмеңкелердің кез келген түрін  өткізуге тыйым салу;

5.60. орналасқан жеріне қарамастан, ас үйдің дайын тағамдарды жеткізу  және шығару жұмысын қоспағанда, фудкорт, банкет және салтанатты залдардың жұмысына тыйым салу;

5.61. бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, мерейтойлық іс-шараларға, ауыз ашар, оның ішінде үйде, форумдарда, конференцияларда, семинарларда, кездесулерде, тыңдауларда, көрмелерде, акцияларда, көрме бөлмелерінде, ұтыс ойындарында (онлайн форматтан басқа) тыйым салу.

5.62. жалпы білім беретін мектептер жанындағы қосымша білім беру объектілерінің (үйірмелердің әртүрлі түрлері), сонымен қатар мектеп жанындағы лагерьлердің қызметіне тыйым салу;

5.63. объектілердің барлық түрлерінің жұмысын ұйымдастыруға «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысындағы объектілердің жұмысына қойылатын талаптар алгоритмі, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 10 қаулысы талаптары қатаң сақталған жағдайда жол беріледі.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы:

6.1. қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіру, қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

6.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және қала тұрғындарының назарына жеткізсін.

  1. Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық әкімдіктері осы Қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларын күшейту туралы» 2021 жылғы 29 наурыздағы № 12 қаулысының және  «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік іс-шараларды қатаңдатудың қосымша шаралары туралы», «Нұр-сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 12 қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 13 және 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 14 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                  С.Бейсенова

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шараларды қосымша күшейту туралы №15 ҚАУЛЫ
Дата публикации
10 апреля 2021