Қауіпсіз санитария және қол гигиенасы үшін жағдайларды қамтамасыз ету

Қауіпсіз санитария және қол гигиенасы үшін жағдайларды қамтамасыз ету

Медициналық орталық «Lifе» медициналық пунктінде медицина қызметкерлері арасында «Қауіпсіз санитария және қол гигиенасы үшін жағдайларды қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты — инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің қол гигиенасының маңыздылығы туралы білімін арттыру және күнделікті тәжірибеде дұрыс санитариялық дағдыларды қолдануға ықпал ету.

Қол гигиенасы — ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады және ол науқастар мен медицина қызметкерлерінің өмірін сақтау үшін аса маңызды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Бұл қолғап болуы мүмкін. Бұл әрқашан қол гигиенасы» атты бастамасын қолдай отырып, 2025 жылғы Дүниежүзілік қол гигиенасы күніне арналған ұран ретінде «Қолғап — дұрыс уақытта!» тақырыбы таңдалды.

Іс-шара барысында қатысушыларға қолды дұрыс жуу және зарарсыздандыру әдістері, қолғаптарды қолдану ережелері, сондай-ақ қол гигиенасына қатысты соңғы халықаралық ұсынымдар түсіндірілді. Қатысушылар арасында ақпараттық материалдар таратылып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.