«Қорғас» ШЫХО аумағында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Қорғас» ШЫХО санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Панфилов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, ШЖҚ «Панфилов ауданаралық көпсалалы аурухана» МКК, Қорғас ШЫХО АҚ, шекара және кеден қызметтерінің, Қорғас полиция бөлімшесінің, ҚР ДСМ СЭБК ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Жетісу облысы Панфилов аудандық бөлімшесінің, Жаркент обаға қарсы күрес бөлімшесінің мамандарымен бірлесіп обамен ауырған науқас (күдікті) анықталған жағдайда мүдделі қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл тактикасы бойынша оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығу жоспарланған тақырыпқа сәйкес және карантиндік және аса қауіпті инфекциялар белгілері бар науқас анықталған кезде «Қорғас» ШЫХО-да өткізілетін эпидемияға қарсы алғашқы іс-шаралардың жедел жоспарына, сондай-ақ Панфилов ауданының санитарлық қорғау жөніндегі кешенді жоспарына сәйкес өткізілді.
Барлық қызметтер үйлесімді, нақты және жедел әрекет етті.