2025 жылдың 6 мамырында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні Департаменттің әйелдер қауымы ер азаматтарға өз алғысын білдіріп, кәсіби және азаматтық борыштарын абыроймен атқарып жүрген ерлерді мерекемен құттықтады.
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бейбіт өмір, табыс пен отбасылық береке тілейді!