Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды-жолаушылар станциясының теміржол вокзалында жоспарланған акция өткізді.
Еуропалық иммундау аптасының 2025 жылғы негізгі тақырыбы – «Барлығына иммундау – адам күшінде» – бұл вакцинация арқылы көбірек адамдарды қорғау мүмкіндігін арттыру және иммундаумен қамтудағы олқылықтарды жоюдың аса маңызды екенін айқындайды. Бұл тақырып қазіргі қоғамдағы вакцинацияның рөлін ерекше атап, халықты иммундау бойынша белсенді іс-әрекеттерді қолдауға шақырады.
Акцияның негізгі мақсаттары:
Акция жұқпалы аурулардың алдын алуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шара болып табылады. Бұл акцияның мақсаты – әр азаматтың денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау жолында қоғамды біріктіру.
Акция аясында «сұрақ-жауап» айдары мен ақпараттық материалдарды тарату арқылы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – халықтың вакцинацияға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және халық арасында иммундаудың маңыздылығын түсіндіру.