Астана қаласы санитариялық - карантиндік бақылау бөлімінің Шымкент қаласының санитариялық-карантиндік бақылау мамандары Шымкент халықаралық әуежайы жолаушылары арасында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруларға күдіктенген немесе анықталған жағдайда, жұмылдырылған қызметтер мен ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту мақсатында, «Тырысқақ ауруының алдын алу» тақырыбында оқу жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласының санитариялық-карантиндік пункті, барлық жұмылдырылған мүдделі қызметтер мен ведомстволар, емдеу-профилактикалық қызметтері, Шымкент халықаралық әуежайының қызметтері, шекара, кеден қызметі, полицияның желілік бөлімі, әуежай, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, обаға қарсы күрес және дезинфекция орталығы қатысты.
Қатысушылар аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және таралуын болдырмау үшін шұғыл профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылады. Оқу-жаттығу нәтижесінде тиісті қызметтердің өзара үйлесімді әрекет етуі үшін қажетті дағдылар мен алгоритмдер анықталып, жұмыс процесі жетілдірілді.