Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының» маманының қатысуымен семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинар барысында екі негізгі тақырып қаралды:
Іс-шараның мақсаты — аса қауіпті инфекциялармен байланысты жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет ету бойынша мамандардың білімін жетілдіру және тәжірибе алмасу.
Семинар барысында қатысушылар теориялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, нақты практикалық мысалдар арқылы аса қауіпті инфекцияларға байланысты жағдайларда дұрыс әрі жедел әрекет ету жолдарын талқылады. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, алдын алу шаралары мен диагностика, оқшаулау, тасымалдау тәртіптері бойынша ұсыныстар берілді.