Департамент қызметкерлері Жалпықалалық сенбілікке қатысты

Департамент қызметкерлері Жалпықалалық сенбілікке қатысты

Жалпықалалық сенбілік аясында Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері Департамент аумағын тазалауға қатысты.

Сенбілік барысында ғимараттың айналасы тазартылып, қоқыстар жиналып, жасыл аймақтар ретке келтірілді, сондай-ақ ғимараттар мен оған жақын аумақтар дезинфекциялық құралдармен өңделді.

Санитариялық нормалар мен гигиеналық талаптардың сақталуына ерекше көңіл бөлінді, бұл Департамент қызметкерлері мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.