
Дүниежүзілік иммундау апталығы жыл сайын сәуір айының соңғы аптасында атап өтіледі. Оның негізгі мақсаты — көбірек адамдар мен олардың қауымдастықтарын вакцинамен басқарылатын аурулардан қорғау және вакциналар мен иммундау маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру.
2025 жылы Дүниежүзілік иммундау апталығы «Баршаға арналған иммунизацияға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен өтеді. Бұл апта балаларды, жасөспірімдерді, ересектерді және олардың әлеуметтік ортасын вакцинамен басқарылатын аурулардан қорғауды кеңейтуге бағытталған.
Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының жұмысшылары үшін «Дүниежүзілік иммунизация апталығы» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында тыңдаушыларға «вакцина» деген не, оның түрлері қандай, вакциналарды дайындау кезінде қойылатын талаптар мен қарсы көрсетілімдер туралы түсініктер берілді.