
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары көлік қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-нің Қарағанды филиалының қызметкерлерінің арасында интерактивті форматтағы семинар өткізді.
Өткізілген жиын барысында Басқарма мамандары қатысушылардың назарына туберкулез мәселесі, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу жолдары жеткізді.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі мәселелері түсіндірілді.
Семинар қатысушылармен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды. Материалды бекіту үшін қатысушылармен ауызша форматта тест тапсырылды, өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды.