Тырысқақ несімен қауіпті?

Тырысқақ несімен қауіпті?

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Гиппократ» медициналық фирмасы» ЖШС-ның медициналық пунктінің медицина қызметкерлерінінің арасында «Тырысқақ несімен қауіпті?» тақырыбында семинар өткізді.

Жұмыс барысында әлемдегі, Қазақстандағы аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал, тырысқақ клиникасының ерекшеліктері, оның ерте көріністері айтылды.

Обаға қарсы костюм кию және обаға қарсы костюм алу алгоритмінің үлгілерін талдай отырып, тырысқаққа күдікті науқасты анықтаған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге баса назар аударылды.

Материалды бекіту үшін қатысушылар ауызша форматта тест тапсырды, аса қауіпті және жіті ішек инфекциялары бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды.