
2025 жылдың 24 сәуірінде Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттерімен кездесуге қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кәсіптік бағдар беру жұмысы және мемлекеттік қызметті танымал ету шеңберінде ұйымдастырды.
Кездесуге «Қоғамдық денсаулық» және «Медико-профилактикалық іс» бағыттары бойынша оқитын жоғары курс студенттері қатысты. Іс-шара аясында студенттерге Департамент қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін презентация ұсынылды:
Мамандардың практикалық қызметіне, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы заманауи сын-тегеуріндерге, сондай-ақ университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Кездесу барысында Департаменттің қызметі туралы бейнеролик көрсетілді, ол студенттерге көліктегі, оның ішінде шекаралық санитариялық пункттердегі және төтенше жағдайлар кезіндегі мамандардың нақты жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Департамент басшысының м.а. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметке жас әрі ынталы кадрларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында ол университетпен ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдіріп, студенттерге оқу мен кәсіби жолда табыс тіледі.