Семей халықаралық әуежайындағы оқу-жаттығу

Семей халықаралық әуежайындағы  оқу-жаттығу

Семей қаласының «Семей халықаралық  әуежайы» медицина пунктінде «Тырысқақ» инфекциялық ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда жүргізілетін шұгыл  алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ауқымды жаттығу өткізілді.

Іс-шараға Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, Семей халықаралық әуежайының қызметтерінің, Семей қаласының СКББ-нің, Абай облысының СЭБ департаментінің, Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі Семей қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесі, Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы, «Абай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК Абай облысы филиалы  дезинфекциялау бөлімі  қатысты.

Аталған оқу- жаттығудың мақсаты мен міндеттері қызметтердің дайындығын тексеру және медициналық мекемелердің бірлескен іс-шараларын жүргізу тиімділігін бағалау. Негізгі назар көлік құралында инфекцияны оқшаулау және оның Абай облысының аумағында таралуына жол бермеу бойынша қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтауға аударылатын болады.

Оқу-жаттығуды өткізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға және эпидемиялық таралуға бейім жоғары жұқпалы аурулармен байланысты сын-қатерлерге ұдайы әзірлік қажеттілігіне негізделген.