
Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі Қарағанды қаласының санитариялық-карантиндік бақылау маманымен бірлесіп, мүдделі мекемелердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараға Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалы, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ қызметкерлері, «Әуежай-Қарағанды» кеден бекеті, «Қарағанды» шекаралық бақылау бөлімі және желілік полиция бөлімінің мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Сары-Арқа» халықаралық әуежайында жолаушылар арасында этиологиясы белгісіз қызба ауруының белгілері бар науқастар анықталған жағдайда жүргізілетін алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспары талқыланды. Іс-шараның мақсаты – әуежай аумағында инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және шұғыл әрекет ету алгоритмін пысықтау.
Дөңгелек үстел қатысушыларына аса қауіпті және карантиндік инфекциялар анықталған жағдайда алдын-алу шаралары бойынша жедел жоспар ұсынылды. Мамандар мен қызметтердің, алғашқы іс-шаралардың алгоритміне сай өзара іс-қимыл тактикасы пысықталды.