
2025 жылғы 22 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында Астана қаласының санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара әуежай қызметкерлері мен басқа да мүдделі ұйымдардың карантиндік және аса қауіпті жұқпалар, соның ішінде «Денге қызбасы» індеті кезінде әрекет ету алгоритмін пысықтауға арналған жаттығу жұмыстарына дайындық аясында өтті. Дөңгелек үстелге қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі, жедел басқару өкілдері, кеден, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі мен шекара қызметінің өкілдері қатысты.