2024 жылға арналған медициналық тексерулердің қорытындысы

2024 жылға арналған медициналық тексерулердің қорытындысы

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы «Astana Railway Services» ЖШС филиалы - «Балқаш вагон жөндеу депосы» қызметкерлерінің 2024 жылғы медициналық тексеру нәтижелерін қорытуға қатысты.  

Отырыс «Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы» КМК ұйымдастырылып, жоғарыда аталған мекемелерінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Қорыту нәтижесі бойынша бөлім басшысымен медициналық қарап-тексерудің толық қамтылуына, сапасы мен уақтылы өткізілуіне, және  де қорытынды актіні дайындауды жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстар берді. Отырыс барысында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.