Жолаушылардың жолдағы тамақтану қауіпсіздігі

Жолаушылардың жолдағы тамақтану қауіпсіздігі

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Балқаш станциясының теміржол вокзалында жолаушыларға, вокзал қызметкерлеріне және вокзал аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлерге арналған радиолекция өткізді. Лекцияның тақырыбы – жедел ішек инфекцияларының алдын алу, жолаушылардың жолда (поезда) тамақтану қауіпсіздігі және инфекциялық, паразиттік аурулардың алдын алу.

Бұл шара инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың, сондай-ақ улану жағдайларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараны өткізу барысында инфекциялық аурулар бойынша өзекті тақырыптарға ақпараттық жадынамалар таратылды.