Теміржол станциялары аймақтарында ауаның ластануын бақылау

Теміржол станциялары аймақтарында ауаның ластануын бақылау

Қарағанды көлік өңіріндегі темір жол станциялары маңында тұратын халықтың денсаулығына химиялық факторлардың әсерін бағалау, аурулардың алдын алу шараларының тиімділігін талдау және ықтимал қауіптердің алдын ала болжамын жасау мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қоршаған ортаның жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Осы мақсатта басқарма мамандары «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, Мойынты станциясы маңындағы тұрғын аймақтарда және темір жол көлігінің әсер ету аймағында орналасқан бақылау нүктелерінде атмосфералық ауаның ластану деңгейіне мониторинг (бақылау) жүргізді.

Зерттеу нәтижелері бойынша атмосфералық ауада ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асу жағдайлары тіркелген жоқ.