
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы, Мойынты станциясының теміржол вокзалында жолаушылар мен вокзал қызметкерлеріне арналған жедел ішек инфекцияларының алдын алу, жолаушылардың жолда (поезда) тамақтану тақырыптарында радиолекция өткізді. Бұл іс-шара инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ улану мен инфекциялық, паразиттік аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында вокзал аумағында орналасқан жеке кәсіпкерлерге де өзекті ақпараттар беріліп, инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық лифлеттер таратылды. Бұл шара жолаушыларға және вокзал қызметкерлеріне ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі маңызды кеңестер мен ережелерді түсіндіріп, олардың денсаулығын қорғауға бағытталды.