Денге қызбасының алдын алу

Денге қызбасының алдын алу

Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары «Түркістан шекаралық бақылау бөлімшесінің» қызметкерлері арасында «Денге қызбасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – Денге қызбасының таралуына қарсы тиімді шаралар мен профилактикалық жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ шекаралық бақылау қызметкерлерінің осы бағыттағы білім деңгейін арттыру.

Семинар барысында Денге қызбасының симптомдары, таралу жолдары, қауіп-қатер тобындағы адамдарды анықтау және профилактикалық шараларды жүзеге асыру бойынша маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, инфекцияның шекара арқылы өтуінің алдын алу үшін шекаралық бақылау қызметкерлерінің рөлі мен міндеттері талқыланды.