Сары безгек: клиникалық көрінісі және алдын алу шаралары

Сары безгек: клиникалық көрінісі және алдын алу шаралары

Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері арасында  «Сары безгек: клиникалық көрінісі және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда мамандар сары безгегінің клиникалық белгілері, таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін әуежай қызметкерлеріне арнайы гигиеналық талаптарды сақтау, санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту туралы кеңестер ұсынылды. Семинар қатысушылары сұрақтар қойып, тәжірибе алмасты.