Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 8 «Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысын іске асыру мақсатында санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жалғастырылуда.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде халықаралық авиарейстермен келетін адамдарға қатысты дистанциондық термометрия арқылы күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 07 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының территориясына барлығы 1 240 776 жолаушы келді, оның ішінде: 1169401 - әуе көлігімен (шет ел азаматтары - 392253, ) ҚР азаматтары - 724811, экипаж мүшелері - 52337), 7779 - темір жол көлігімен (шет ел азаматтары - 43441, ҚР азаматтары - 12198, экипаж мүшелері - 5663), 10073 - теңіз көлігімен(шет ел азаматтары - 2621, ҚР азаматтары - 124, экипаж мүшелері - 7328).
2024 жылдың 28 тамызынан бастап 2025 жылдың 07 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының территориясына барлығы 2 838 293 жолаушы келді, оның ішінде: 2 724 563 - әуе көлігімен, 92 103 - теміржол көлігімен, 21627 - теңіз көлігімен. Соңғы 21 күн ішінде маймыл шешегі ауруы бойынша эндемиялық елдерден келген немесе барған жолаушылар саны - 305 (Зимбабве - 31, Танзания - 15, Уганда - 5, Нигерия -16, Бенин - 2, Кот-д-Ивуар - 5, Эфиопия - 2, Того - 1, ЦАР - 20, Ұлыбритания - 7, ОАР - 63, Бельгия - 1, Гана - 9, Сера-Леоне - 7, Мадагаскар - 2, Камерун - 4, Конго - 14, Кения - 46, Либерия - 1, Алжир - 1, Малави - 2, Тунис - 14, Марокко - 8, Бахрейн - 1, Сенегал - 1, Батыс Африка - 1, Гвинея - 15, Буркино-Фасо – 6, Руанда - 5).
Соның ішінде Қазақстан Республикасына белсенді қатынасатын елдерге 9 Африка елдері жатады: ОАЕ - 63, Кения - 46, Зимбабве - 31, ОАР-20, Нигерия – 16, Гвинея -15, Танзания - 15, Конго - 14, Тунис - 14.
Ұшып келген жолаушылардың арасында жоғары дене қызуымен және (немесе) аса қауіпті инфекция белгілері бар жолаушылар анықталған жоқ.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды шолу статистикасына сәйкес (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық деректері) әлемде алғашқы жағдайлар тіркелгеннен бері (2022 ж. Мамыр) маймыл шешегінің 132756 жағдайы тіркелді, оның 293-і өліммен аяқталды
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында дүние жүзінде 7091 жағдайы тіркелді, оның ішінде:
Сондықтан осы шет елдердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, елімізге аурудың сырттан әкелуіне жол бермеу үшін жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау жалғастырылуда.