
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз бригадаларының жолсеріктері мен жұмыскерлер арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтеріне қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, «білім үстелі» ұйымдастырылып қатысушылардың назарына инфекциялық емес аурулардың, жүрек талма ауруларының, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу бойынша жадынамалар мен брошюралар ұсынылды.