Көлік қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру

Көлік қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру

Көлік қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру үшін Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен «Вагонсервис» АҚ-ның жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола  филиалының Қарағанды телімі қызметкерлерінің арасында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы  № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы №23 бұйрығын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Сондай-ақ, Басқарма мамандарымен көлік қызметкерлеріне семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі тұстары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазалау шаралары түсіндірілді.