
Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» ұранымен «Халықаралық Алматы әуежай» АҚ-да акция өткізді. Жұмысшылар мен жолаушыларға туберкулездің алдын алу бойынша жадынамалар, брошюралар таратылды.
Медициналық пункттерде қызметкерлер үшін, сондай-ақ әуежай жолаушылары үшін қол жетімді жерлерде туберкулездің негізгі белгілері және жұқпалы аурудың алдын алу шаралары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде плакаттар мен ақпараттық бюллетеньдер ілінді.