
Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай ауқымды шаралар ұйымдастырды.
Басқарма мамандары туберкулездің алдын алу мәселелеріне назар аударып, бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, басқарма қызметкерлері 11 семинар-кеңес өткізді. Бұл шараларға теміржол және әуе көлігі қызметкерлері, сондай-ақ көлік саласындағы басқа да мамандар қатысты. Семинарларда туберкулездің алдын алу, аурудың белгілері мен таралу жолдары жайында жан-жақты түсіндірулер жүргізілді.
Сонымен қатар, басқарма 3 акция ұйымдастырып, тұрғындарға және көлік қызметкерлеріне туберкулезге қарсы ақпараттық парақшалар таратты, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы профилактикалық шаралардың маңыздылығы жайында ақпарат берілді.
Туберкулездің алдын алу бойынша 10 дәріс көлік саласының қызметкерлерімен өткізілді. Бұл дәрістерде мамандар туберкулездің таралуына қарсы күресудің қазіргі әдістері мен маңызды профилактикалық шаралар жайында кеңінен айтып, жұқпалы аурулардың алдын алу қажеттілігін атап өтті.