
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша кеңес өткізді.
Кеңестің мақсаты - Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарының орындалуын бағалау, сондай-ақ 2025 жылы Басқарманың алдына қойылған міндеттер мен жоспарларды айқындау. Басқарма мамандарымен 2024 жыл 2023 жылмен салыстырғандағы темір жол және әуе көлігі қызметкерлерінің арасында сырқаттанушылық бойынша, сондай-ақ Басқарманың бақылауындағы сумен жабдықтау, тамақтану, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым, жолаушылар тасымалы және радиациялық объектілердің жай-күйін талдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, өтініштерді қарау, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру және әкімшілік іс жүргізу жөніндегі жұмыстар бойынша талдау материалдары ұсынылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Басқарманың 2024 жылғы жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланып, 2025 жылға арналған міндеттер айқындалды.