Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен Қарағанды облысы кәсіпкерлер Палатасы филиалының «Атамекен» өкілінің қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, тамақтан уланудың алдын алу, халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, оның ішінде мерзімді медициналық тексерулерден уақтылы өту, өндірістік бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша Қарағанды жолаушылар вокзалында тамақтану саласында қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлердің арасында «дөңгелек үстел» түрінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бекіту материалы түрінде ботулизмнің, сібір жарасының, қышыманың алдын алу туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды.