Тамақтан улану мен инфекциялрдың алдын алу

Тамақтан улану мен инфекциялрдың алдын алу

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен  Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының «Атамекен» кәсіпкерлер кеңесінің төрағасының қатысуымен  Қандыағаш станциясындағы қадағалаудағы теміржол көлігі мекемелерінің өкілдері мен қоғамдық тамақтану және сауда нысандарын жалға алып отырған жеке кәсіпкерлер арасында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының, қызылшаның, тұмау ауруларының алдын алу, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету және өндірістік зертхана, медициналық тексеріп қарау талаптарын  түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинар мақсаты: көліктегі мекемелерде тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының, қызылшаның, тұмау ауруларының алдын алу және болдырмау бойынша санитариялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, өндірістік зертхана ұйымдастыру барысында және теміржол көлігі мекемелерінің жұмысшыларын міндетті медициналық тексеріп қарау кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде кеңестер берілді.

Семинар барысында қатысушыларға тақырыптар бойынша слайдтар көрсетіле отырып, баяндамалар оқылды, нормативтік құқықтық актілер туралы айтылып, қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді. Сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсатынсыз немесе тиісті хабарламаларды жолдамай қызметті жүзеге асыруына жол берілмейтіндігі түсіндірілді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау керектігі туралы ұсыныстар берілді.

Қатысушыларға брошюралар мен жадынамалар таратылып, барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.