Тәртіптік тәжірибені талдау нәтижелерінің жылдық көрсеткіштері

Тәртіптік тәжірибені талдау нәтижелерінің жылдық көрсеткіштері

2025 жылдың 14 наурыз күні Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің персоналды басқару қызметі 2024 жылғы тәртіптік тәжірибенің жылдық көрсеткіштерін талдамалық анықтама қорытындылары бойынша аумақтық бөлімшелермен Zoom форматында кездесу өткізді.

Кездесу Департамент басшысының м.а. - әдеп жөніндегі уәкіл Давлетьярова Баян Кабдрасиловнаның қатысуымен өтті. Іс-шара барысында өткен жылғы тәртіптік тәжірибенің негізгі көрсеткіштері қаралып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәртіптік құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған шаралар пысықталды.

Бұл кездесу мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын сақтауды жетілдіруге және қызметтік тәртіптің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.