«Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен акция өтті

«Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен акция өтті

Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықты өткізу шеңберінде 2025 жылғы «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен: Павлодар қаласының  теміржол вокзалында акция өткізді.

Акцияда №31 «Павлодар-Алматы» жолаушылар пойызының жолсеріктері, ұйымдасқан балалар тобы, жолаушылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты – туберкулездің алдын алу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру.

Акцияға қатысушыларға туберкулездің таралу жолдары, белгілері мен қауіп факторлары, сондай-ақ аурудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Парақшалар мен ескертпелер таратылды.