Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шет ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ақадыр станциясының ауылдық ауруханасы ұйымдастырумен болған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ - «Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі» филиалының және «ҚТЖ «ҰК» ЖШС– «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының Ақадыр станциясының көлік жұмыскерлерінің мерзімді медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырыстарына қатысты.
Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қарағанды өңірінің көлік қызметкерлері арасында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу және терінің жұқпалы аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдайды талқылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында туберкулездің және бүгінгі күнге өзекті басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар ұсынылды. Қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.