Санитариялық салауаттылық бойынша түсіндіру жұмыстары

Санитариялық салауаттылық бойынша түсіндіру жұмыстары

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі, желілік ішкі істер бөлімі және Қызылорда теміржол вокзал әкімшілігімен бірлесе отырып, Қызылорда теміржол вокзалында, перронда және вокзал төңірегіндегі белгіленбеген заңсыз тағам сатушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, тағамнан уланудың алдын алу және азаматтарға тиісті санитариялық талаптарды түсіндіру болды.