COVID-19 ауруының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу

COVID-19 ауруының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу

Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан қаласы санитариялық-карантиндік бақылау мамандары   «Түркістан халықаралық әуежайы» қызметкерлері арасында  «COVID-19 ауруының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Түркістан халықаралық әуежайының қызметкерлеріне COVID-19 ауруының таралуын болдырмау үшін маңызды ақпараттар беріліп, инфекцияның алдын алу шаралары туралы түсінік берілді. Астана қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, эпидемиологиялық жағдайды тиімді басқару мен бақылау тәсілдерін таныстырды.

Сондай-ақ, әуежай қызметкерлеріне вирусқа қарсы вакцинацияның маңызы мен қажеттілігі, жеке гигиена талаптары және қоғамдық орындарда инфекцияның алдын алу шаралары туралы кеңестер берілді. Семинардың басты мақсаты – әуежай қызметкерлерінің эпидемиологиялық білімдерін арттыру және оларды қауіпсіздік шараларына сәйкестендіру арқылы жұқпалы аурулардың таралуына қарсы тұру.