Аурулардың алдын алу және санитариялық жағдайларды жақсарту

Аурулардың алдын алу және санитариялық жағдайларды жақсарту

Жамбыл облысы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Мира» кафесінде санитариялық-микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық зерттеулер жүргізіп, мониторинг өткізді. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған жоспар негізінде Шу станциясы теміржол вокзалында қоғамдық тамақтанумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен сауда нысандары қызметкерлері арасында санитариялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға «Атамекен» ҰКП өкілдері мен Шу станциясы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Түсіндіру жұмыстары барысында семинарлар мен дәрістер оқылды.

Сонымен қатар, туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша айлықтың жариялануына орай «Аманжол» базарында «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» деген ұранмен акция өткізілді.