Қызылшаның алдын алу

Қызылшаның алдын алу

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Алматы қаласы әуежай қызметкерлеріне «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Бұл шара инфекциялық аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.

Семинар барысында мамандар қызылша ауруының жұғу жолдары, оның белгілері мен салдары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Әуежай қызметкерлері үшін вирус жұқтырған адамдармен тікелей байланыс жасауы мүмкін болғандықтан, қызылшаның алдын алу шараларының маңызы ерекше. Мамандар вакцинацияның тиімділігі мен қажеттілігіне тоқталып, егер адам қызылшамен ауырып қалса, алғашқы белгілер байқалған кезде дәрігерге уақытында қаралу қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ, семинарда санитариялық нормалар мен гигиеналық талаптарды сақтау, қоғамдық орындарда инфекциялық ауруларды алдын алу үшін дұрыс қорғаныш шараларын қолдану туралы кеңестер берілді.