Пойыздардағы санитариялық ережелер және инфекциялардың алдын алу

Пойыздардағы санитариялық ережелер және инфекциялардың алдын алу

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қызылорда көлік прокуратурасымен бірігіп, «Nomadas» ЖШС  басшысы және жауапты қызметкерлері арасында жолаушылар пойыздарында санитариялық ережелерді бұзбау және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру семинар жүргізілді.

Семинар барысында вагондарды дезинсекциялық өңдеу айына бір реттен кем емес және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізілуі, вагондарды дератизациялық өңдеу тоқсанына бір реттен кем емес және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ вагондарды қосымша дезинфекциялық өңдеу эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізілуі түсіндірілді.

Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.