Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру

2025 жылдың 18 наурызында, Zoom платформасы арқылы Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж.А. Уразалина мен аумақтық бөлімшелердің кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзудың алдын алу мәселелері және Департаменттің осы саладағы жұмысының нәтижелері талқыланды.

Кездесу басында Ж.А. Уразалина 2024 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі Департамент жұмысының нәтижелері туралы кеңінен баяндады. Ол қызметкерлердің жұмысында ашықтық пен адалдық принциптерін сақтау маңыздылығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асырудағы жетістіктерін атап өтті.

Кейін басшы 2025 жылға арналған Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жоспарының орындалуына тоқталды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Департаменттің басым міндеттерінің бірі болып қала беретіндігі айтылды.

Сонымен қатар, Ж.А. Уразалина сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының орын алуына себепші болатын факторлар мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар жоспарын таныстырды. Бұл шаралар Департаменттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау негізінде әзірленді, ол қосымша назар аударуды және түзетуді қажет ететін бірқатар факторларды көрсетті.

Ол 2025 жылғы наурыздан бастап Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастайтындығын атап өтті. Бұл тапсырманы сәтті орындау үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін әзірленген әдістемелерді, сондай-ақ бекітілген үлгілік ережелерді қатаң сақтай отырып, дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Жұмыстың барлық кезеңдері қатаң мерзімде жүзеге асырылуы тиіс, бұл ықтимал қауіптерді уақытында анықтап, жоюға, сондай-ақ Департаменттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау деңгейін арттыру бойынша алдағы қадамдар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу талқыланды.