«Өмір үшін жүрек» тақырыбында кездесу Ақтау теңіз сауда портында өтті

«Өмір үшін жүрек» тақырыбында кездесу Ақтау теңіз сауда портында өтті

Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен Ақтау теңіз сауда портының қызметкерлері бірлесіп, «ҰК» АҚ «Ақтау теңіз сауда порты» базасында «Өмір үшін жүрек» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.


Кездесу барысында жүрек-қан тамыры ауруларының профилактикасы мен міндетті медициналық қарап-тексерулердің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, алдын ала медициналық қарап-тексерулерді өткізу ережелері мен мерзімдері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушылар денсаулық сақтау мен профилактика саласындағы өзекті сұрақтарға жауап алып, қажетті кеңестер алды.


Бұл іс-шара жұмысшылардың денсаулығын сақтауға, профилактикалық шаралар туралы білімдерін арттыруға бағытталған.