Семинардың басты тақырыбы "тырысқақтың алдын алу"

Семинардың басты тақырыбы "тырысқақтың алдын алу"

Қоғамдық денсаулықты қорғау және Қазақстан Республикасының аумағында аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың таралуын болдырмау мақсатында Түркістан қаласының санитарлық-карантиндік бақылау мамандары семинар өткізді.

2024 жылғы 03 мамырда Түркістан халықаралық әуежайында "Fly Arystan" авиакомпаниясының қызметкерлерімен, Түркістан халықаралық әуежайының, кеден бекетінің және Түркістан қаласының шекаралық бақылау бөлімінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған семинар өтті. Семинардың басты тақырыбы "тырысқақтың алдын алу".

Үндістаннан Стамбул және Абу-Даби әуежайлары арқылы жолаушылардың келуін ескере отырып, бұл семинар ерекше өзектілікке ие болады. Үндістан тырысқақ қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін аймақтардың бірі болып табылады.

Семинарда мамандар халықаралық әуежайлар арқылы инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау стратегияларын талқылап, қарастырды. Авиакомпания қызметкерлері мен әуежай қызметкерлерін аурудың ықтимал жағдайларын анықтау және оларға ден қою, сондай-ақ барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау бойынша оқыту маңызды аспект болып табылады.

Семинар Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда персоналдың хабардарлығы мен іс-әрекетке дайындығын арттыруға бағытталған.