«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар өтті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар өтті

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәжіліс залында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың инспекторының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізлендігі жайлы айтылды.

Аталған Заң жобасының жаңашылдығы мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың негізсіз байытқаны үшін жауапкершілігін енгізу болып табылады. Сондай-ақ бұл заң 2021 жылдан бастап іске қосылған жалпыға бірдей декларацияның жалғасы болатыны атап өтілді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау органдарына, пара алушылар мен делдалдарға қатаң жазалар қолданылуда. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже берді, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді. Алайда, бұл түбегейлі өзгерістер әкелмеді. Азаматтар әлі күнге дейін күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністерімен бетпе-бет келіп жатқанын айтылды.

Сондай-ақ егер сізге пара ұсынылса немесе сізден пара сұралса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде парамен байланысты қылмыстардың үш түрі (пара алу, пара беру, парақорлыққа делдалдық ету) көзделгендігін мәлімдеп түсініктеме берді.

Семинар соңында инспектор сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесі қатысқанын енді олар еңбек қатынастары саласындағы құқықтарын бұзудан қорғалатын болатыны жайлы мәлімдеді.